Бөлемнің күйеуін сүйдім | Шешімі бар

23.09.2022 14:55

«Алматы» телеарнасынан «Шешімі бар» бағдарламасын дүйсенбі мен жұма аралығында 18:00-де көре аласыздар

"Шешімі бар" ток-шоуының кезекті шығарылымына "Біреудің баласына алимент төлемеймін" деп ашынған азамат келді.

Шымкент қаласының тұрғыны Марат Мырзалиев сегіз жыл бойы бағып келген баласынан бас тартып отыр. Оның айтуынша, бұрынғы әйелі өзгеден бала сүйіп, сенің ұлың деп сендіріп, алимент төлетіп келген. Марат баланың өз ұлы емес екенін дәлелдейін десе, бұрынғы әйелі баланың он сегіз жасқа толғанша ДНҚ тестін тапсыруына қарсы болып отыр. Басына түскен шырғалаңның шешімін іздеген ол "Шешімі бар" студиясына келді. 

Кейіпкердің мәселесі шешілді ме? Оны толық шығарылымды көріп, біле аласыздар.